Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеп тұрған бильярд клубы анықталды

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлерінен құралған мобильді топ қаладағы бірнеше нысанға мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтер барысында карантиндік шектеулерге қарамастан, келушілерге қызмет көрсеткен бильярд клубы анықталды. Мобильді топ бильярд клубының иесінен түсініктеме алды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша құжаттар жинақталды. Жинақталған құжаттар тиісті шара қабылдау үшін Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру