Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кезекті той тоқтатылды

Шымкентте карантин режимін бұзған кезекті мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіп келеді.

2021 жылдың 3 тамызында сағат 14:45-те Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «Алтын мерос» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, 80 адамнан асатын қонақ шақырылған үйлену той жасап жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар мейрамхана ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей, жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды.

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара көру үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру