Шымкентте киім-кешек ұрлаған ер адам ұсталды
Шымкентте киім-кешек ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 8 қаңтар күні сағат 14:33 шамасында орын алған. Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында қала аумағындағы базарлардың бірінде орналасқан өзінің меншігіндегі сауда нүктесіне жасы 35-40 шамасындағы белгісіз тұлға тұтынушы ретінде келіп, құны 200 мың теңгені құрайтын қаптарға жиналған киім-кешектерді ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын жазып көрсеткен.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінің (Ұрлық) сотқа дейінгі терлеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің «ізін суытпай», бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол 42 жастағы жұмыссыз Шымкенттің тумасы екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп, иісіне қайтарылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.