Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кинология қызметінің мамандары балаларға экскурсия ұйымдастырды

Шымкентте кинология қызметінің мамандары балаларға экскурсия ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында балалар кинолог мамандардың және қызметтік иттердің жұмысымен танысты.
Полицейлер иттердің атқаратын қызметтері туралы толыққанды ақпарат берді.

Тәртіп сақшылары қызметтік иттердің қылмысты ашуда, тыйым салынған заттарды табуда және жоғалған адамдарды іздеуде қалай көмектесетінін айтты.

Балалар қызметтік иттердің мүмкіндіктерін қызығушылықпен тамашалады. Төрт аяқты көмекшілердің алғырлығы көпшілікті таңғалдырды.

Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті. Экскурсия балаларға есте қаларлық жарқын эмоциялар сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру