Шымкентте көлік қозғалысына кедергі келтірген бұзақы жауапқа тартылды
Шымкентте көлік қозғалысына кедергі келтірген бұзақы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 20 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
Ер адам көлік қозғалысы көп көшеде авариялық жағдай туғызып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген. Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралынан қою түтін шығарып, жолды көру мүмкіндігін нашарлатып, қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірген.
Патрульдік полицейлер құқық бұзушыны тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырды. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен жол жүру ережесін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады.