Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 53 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 53 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі тәуліктің қараңғы уақытында терезенің нашар көрінуіне байланысты орын алып жатады. Оның ішінде көліктердің терезелерінде күңгірттелген жабынды –  жүргізушілердің көру аймағын шектейтін себептердің бірі.

Мәселен, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Яғни, көлік терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) хаттама толтырылды. Сондай-ақ, полицейлер терезедегі күңгірттелген жабындыны алып тастауын жіті қадағалады.

Айта өтетін ақпарат, тәртіп сақшыларымен қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері өткізілетін «Бір нүктелік» рейдтік шарасы барысында көлік терезесін күңгірттеген 53 жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды.

Бұдан өзге, рейдтік шара барысында 3053 әкімшлік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 530, телефон пайдаланған – 117 және көлікті көлік басқару құқығы жоқ 14 жүргізуші анықталды. Ал 81 көлік айыптұраққа қойылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру