Шымкентте көлік жүргізу кезінде телефон қолданған автобус жүргізушісі жазаланды
Шымкентте автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде хат жазысып, телефонмен сөйлескені үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық көлік жүргізушілеріне ерекше жауапкершілік жүктелген, өйткені жүздеген жолаушы мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі олардың қолында. Алайда көлік жүргізу кезінде олар адам өміріне жауапты екендіктерін бәрі бірдей түсіне бермейді. Автобус жүргізушілерінің жиі кездесетін қауіпті бұзушылықтарының бірі – көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану.
Әлеуметтік желілерді мониторингі жүргізу барысында мегаполис полицейлері осындай кезекті құқық бұзушыны анықтады. Көлікті басқарудан гөрі гаджетіне алаңдаған жүргізуші автобус жолаушысының алаңдатушылығын тудырған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде жолда телефонмен сөйлесуді ұнататын азаматты анықтады.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша жауапқа тартылды. Осы бұзушылықты жасағаны үшін ол 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.
Айта кетейік, осы жылдың бірінші жартыжылдығында смартфонды пайдаланғаны үшін 5 мыңға жуық автокөлік жүргізушісі жазаланды. Есіңізде болсын: көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану (сөйлесу, хат алмасу және т.б.) жүргізушінің назарын толығымен жолға аударуға мүмкіндік бермейді, бұл апатқа әкелуі мүмкін. Айта кету керек, көлікті басқару кезінде телефонды құлаққап немесе дауысын шығару арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.