Шымкентте көлік жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды
Шымкентте көлік жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қарашада қала аумағындағы көшелердің бірінде ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде аталған автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 603-бабының 2-бөлігімен (Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) екі әкімшілік хаттама толтырылды.