Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көліктің қозғалтқышын ұрлаған ер адам оқиға орнында ұсталды

Шымкентте көліктің қозғалтқышын ұрлаған ер адам оқиға орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, белгісіз тұлға түнгі сағат 22:35 шамасында үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 150 мың теңге тұратын көліктің қозғалтқышын қоларбаға салып жатқанын байқаған. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден ұрыға ұмтылып, оны ұстап, полицияның «102» арнасына жүгінген.

Хабарды алған Қаратау АПБ-ның қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру