Шымкентте көші-қон полицейлері тұрғынға қыздарымен қауышуға көмектесті
Шымкентте көші-қон полицейлері тұрғынға қыздарымен қауышуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті тұрғын Жанар Сейтханованың туған қыздары Судан мемлекетінің азаматтары. Азаматшаның өтініші бойынша қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің инспекторлары оларға С2 санатындағы визаны рәсімдеуге көмектесті. Аталған виза отбасын біріктіруге арналған және ҚР азаматтарының жақын туыстарына елде уақытша болуға рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Носиба мен Залифаға 1 жылға дейін көпмәртелік виза берілді.
– Сіздерге алғысымызды білдіреміз! Бізге үлкен көмек көрсеттіңіздер. Еңбектеріңізді бағалаймыз. Сіздерге барлық жақсылықты және қызметтеріңізде жетістіктер тілейміз. Сіздерге көп рақметімді айтамын, – деді Носиба Мұса Исмаил Хаг Ахмед.
Айта кетейік, биыл көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері төрт адамға С2 визасын рәсімдеп, жақындарымен қауышуға көмектесті.