Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік елден шығарылды

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде. Қала аумағында атқарылған жұмыстардың екі күн нәтижесінде Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 266 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 109 адам орналастырылды. Шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзған 208 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен хаттама толтырылды.

Шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 104 шымкенттік ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 20 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 34 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру