Шымкентте лудоманияға қарсы тимбилдинг-практикум өтті
Динамо спорт кешенінде психологтардың ұйымдастыруымен лудоманиялық тәуелділіктің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлеріне арналған тимбилдинг-практикум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тимбилдинг барысы қызметкерлердің эмоциясын бақылаудан басталып «Лудоманиялық тәуелділік, оның себептері, белгілері және қарсы күрес» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстарымен жалғасты.
Сондай-ақ қызметкерлердің ойын қабылдауын өзгерту, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында қазақтың арқан тарту, асық ойыны, ләңгі тебу дәстүрлі ойындары мен қысымды жару, жылдамдықты тексеру жаттығулары жүргізілді.
Тимбилдинг-практикумға қызметкерлер белсене қатысып, кері байланыс жасап, психологтарға шексіз ризашылық білдірді.