Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің 718-экипаж қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Алайда полицейлердің тоқтатқанына қарамастан, Opel маркалы көліктің жүргізушісі бағынбауға тырысқан. Көлікті қуып жетіп, құжаттарын сұрағанда оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Медициналық сараптаманың нәтижесінде жүргізуші мас халде екені анықталған.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.