Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 9 жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 9 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында 8-17 қараша аралығында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.