Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мемлекеттік нөмірі дұрыс орнатылмаған көліктің жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкентте мемлекеттік нөмірі дұрыс орнатылмаған көліктің жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет барысында мемлекеттік нөмірі дұрыс орнатылмаған ВАЗ маркалы көлікті тоқтатқан. Жүргізушіге бұл әрекеті заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-тармағы (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру