Шымкентте ойынхана карантинде келушілерді қабылдаған
Шымкентте ойынхана карантин кезінде келушілерді қабылдаған, – деп хабалайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері профилактикалық-рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында «Gladiator» ойынханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерге қызмет көрсетіп жатқанын анықтады.
Жайт бойынша карантин режимінің талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған іс-құжаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.