Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте оқу жылының онкүндігінде 150-ге жуық профилактикалық сабақ өткізілді

Шымкентте оқу жылының онкүндігінде 150-ге жуық профилактикалық сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай, Қаратау, Еңбекші аудандарындағы жалпы білім беру мектептерінде ювеналды полиция инспекторлары жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп жатыр.

Бастауыш сынып оқушыларына «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс өткізіліп, жолда жүру ережелері түсіндірілсе, ал 5-11 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, темекі оның ішінде электронды шылым тақырыптары қозғалуда. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтардың себеп-салдары мен оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды.

– Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек, – дейді ювеналды полиция инспекторы Мира Бердуалықызы.

Ювеналды полиция қызметі бөлімінің сақшылары балаларды жолда барынша сақ жүруге, бағдаршамның сигналды түстеріне ерекше назар аударуға және жаяу жүргіншілер өткелінен ересек кісілермен асықпай өтуге шақырады. Өйткені, бүлдіршіндердің аяқ астынан жолға жүгіріп шығуы түрлі жол апаты жағдайларына алып келуі мүмкін екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру