Шымкентте оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкентте оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылы барысында Шымкент қаласы ПД ЖКБ ұжымы Еңбекші АПБ өкілдерімен бірлесіп, оқушыларға есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу кезінде мамандар есірткінің зияны мен оның адам өміріне тигізетін ауыр зардаптары жайлы баяндап, есірткі қылмысына қатысты қолданылатын жаза түрлерін түсіндірді.
Сондай-ақ олар өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісіп, заңды білудің өздерін және жақындарын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да алдын алу шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.