Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен, 28 шілде мен 8 қыркүйек аралығында республикалық деңгейде сауалнама толтыру акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындарына зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар екенін, оны қалай тануға болатынын және көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндірді. Ерекше назар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға аударылды, себебі олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады.
Сонымен қатар акция барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары мен жәбірленушілерді қорғаудың қолданыстағы механизмдері талқыланды.

Азаматтарға зорлық-зомбылық қаупі төнген жағдайда қандай әрекет жасау керектігі және құқық қорғау органдарына арыз беру тәртібі түсіндірілді. Ұйымдастырушылар зорлық-зомбылықтың кез келген фактілері бойынша полиция бөліміне жедел жүгіну немесе "102", "111", "150" сенім телефондарына қоңырау шалу қажеттігін ескертті.

Әрбір хабарлама маңызды және біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру