Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте өткізілген адалдық сағатына 800 студент қатысты

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында лудомания, нашақорлық, сыбайлас жемқорлық, қаржылық сауаттылық пен деструктивті діни ағымдар жөнінде жастар арасында адалдық сағаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков, Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Перизат Ермаханова, дін істері басқармасының теолог маманы Тілләбек Саян, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері мен студенттер қатысты.

– Өздеріңізге мәлім, нашақорлық пен жат іс-әрекеттердің жетегіне кетудің түбі жақсылыққа алып келмейді. Алдымен денсаулыққа зиян тигізіп, адамның болашағына балта шабады. Сондай-ақ есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Біздегі басты мақсат – келешегінен зор үміт күттіретін жастарды жат дүниелердің жетегіне ермей, дұрыс өмір сүруге баулу, – деді Бауыржан Қарбеков.

Іс-шараның қорытындылаған модератор Нұрғали Пернебаев жастарды парасаттылыққа, адалдық қағидаттарын ұстануға және құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру