Шымкентте патрульдік полицейлер арнайы рейд өткізді
Шымкентте патрульдік полицейлер арнайы рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 шілдесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.
Рейд барысында автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған, жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер ұсталды.
Терезесі күңгірттелген автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті.
Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-тармағы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша, мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушілерге ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының полицейлері түрлі бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.