Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте патрульдік полицияның үздік мамандары анықталды

Шымкентте патрульдік полицияның үздік мамандары анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында патрульдік полиция қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған "Үздік маман" байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – саптық бөліністер қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу және қызмет тиімділігін арттыру.

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 15 үздік қызметкер Шымкент қаласы полиция департаментінің атынан байқауға қатысты. Сайыс екі күнге созылып, түрлі кезеңдерден тұрды.

Бірінші күні қатысушылардың атыс және дене дайындығы, сондай-ақ күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша машықтары тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау қабілеттері практикалық тапсырмалар арқылы бағаланды.

Екінші кезеңде полицейлер Қазақстан Республикасының заңнамаларын және ішкі істер органдары қызметін реттейтін құқықтық актілерді білу деңгейі бойынша тест тапсырды.

Байқау қорытындысында үш үздік қатысушы анықталды. Олар – патрульдік полиция полкінің инспекторы Дулат Хошимов, взвод командирі  Абылайхан Есіркепов және рота командирі  Мақсат Мусаев.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды. Енді олар Шымкент қаласы полиция департаментінің намысын елордада өтетін республикалық "2025 жылғы Үздік маман" байқауында қорғайды.

Бұл байқау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамытуға, жауапкершілігін арттыруға және қызметтік дайындық деңгейін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру