Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ПД бастығы спортшы полицейлерді марапаттады

Шымкент қаласының бас полицейі әлем чемпионатынан жүлдемен оралған спортшы полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті арнайы мақсаттағы бөлінісінің 3 рота командирі Нұрлан Нұрсейітов Бразилияда жекпе-жектен өткен 2лем чемпионатына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Сондай-ақ Петропавл қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қазақ күресінен "Динамо" ДШСҚ ОК-нің XII ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөлінісінің жүргізуші полицейі Нұрлыбек Көшербек бірінші орынға ие болды. Ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөлінісінің аға инспекторы Ысқақ Серік Жұманазарұлы үшінші орынды иеленіп, олжамен оралды.

Осыған орай Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков спортшы полицейлерді салтанатты түрде құттықтап, марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру