Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицей Абайдың 45 қара сөзін жатқа біледі

Шымкентте полицей Абайдың 45 қара сөзін жатқа біледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұркен Әбдіжаппар ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 45 қара сөзді толықтай жатқа айтып берді.

Полиция лейтенантының айтуынша, Абай шығармашылығына қызығушылығы жастайынан басталған. Ол ақынның қара сөздерінен терең мағына мен өмірлік бағыт-бағдар алғанын атап өтті. Аталған еңбектерде адамгершілік, адалдық, білімге ұмтылу мен өзін-өзі дамыту сынды мәңгілік тақырыптар қозғалған.

– Әрбір қара сөз – бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған өсиет. Абайдың әр жолында – даналық, мейірім және әділетке деген ұмтылыс жатыр, – дейді Нұркен Әбдіжаппар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру