Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицей әйелдерге құрмет көрсетілді

Шымкентте полицей әйелдерге құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің шырайлы күнінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өткізді. Шара барысында нәзік жанды тәртіп сақшыларын атаулы мейраммен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.

Салтанатты жиында полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің аналары мен жұбайларын да назардан тыс қалдырмай, оларға гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.

Департамент бастығы Нұрлан Алмасбеков өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттеріне айрықша тоқталып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтерде елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерге ІІМ және департамент тарапынан марапаттар берілді.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру