Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер ер адамнан марихуана тәркіледі

Шымкентте полицейлер ер адамнан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласыц Әл-Фараби АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатады. Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) қылмыстық іс тіркелді.

Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 0,74 граммға жуық “марихуана” екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру