Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер есірткі алып жүрген тұрғынды ұстады

Шымкентте полицейлер есірткі алып жүрген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатады. Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан сіріңке қорабына оралған өсімдік тектес кептірілген есірткіге ұқсас зат анықталып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған жайт бойынша жергілікті тұрғын анықталған есірткіге ұқсас затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені тексерілуде.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру