Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер ІІО ардагерін мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген отставкадағы милиция майоры, 94 жастағы Нина Кашлакованың шаңырағына барып қайтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ардагерге ұзақ жылдар бойы атқарған адал қызметі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді. Тәртіп сақшылары ардагерге зор денсаулық тілей отырып, алғыс хат, гүл шоғы мен сыйлық табыс етті.

ІІО ардагері полицейлерге мереке күні назарсыз қалдырмағаны үшін ризашылығын білдіріп, өз қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Оның өмірлік даналығы мен төзімділігі жас ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру