Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданының тәртіп сақшылары Байтұрсынов көшесінде орналасқан "Наурыз" бильярд клубының карантин талаптарын бұзып, "Ашық" бағдарламасына тіркелмей, 23:00-ге дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру