Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін қала тұрғындарымен бірге атап өтті

Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін қала тұрғындарымен бірге атап өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күніне орай қаланың тәртіп сақшылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шара тұрақты да қауіпсіз қоғамның негізі саналатын “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілетуге бағытталды.

Концерт сауда-ойын-сауық орталығында өтіп, қала тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды. Сахнада полиция департаментінің қызметкерлері, Б.Момышұлы атындағы ІІМ оқу орталығы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері мен 6506 әскери бөлімінің оркестрі өнер көрсетті.

Әрбір өнер көрсету нөмірі патриотизм, қызметке адалдық пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы болды. Көрермендер сүйікті әндерді қосылып шырқап, күн сайын қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жандарға алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру