Шымкентте полицейлер көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша студенттермен кездесу өткізді
Шымкентте полицейлер көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша студенттермен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да шетелдік студенттерге ҚР көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Жиынға көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Н.Сембаев, көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы М.Медетбеков, Әл-Фараби АПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Е.Сапарбаев қатысып, шетелдік студенттердің елімізде болу тәртібін сақтауға байланысты маңызды мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының негізгі ережелері, студенттік визаны ұзарту тәртібі, уақытша тіркеу талаптары және шетелдік азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар кездесуде интернеттегі алаяқтықтан сақтану, әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратудың қауіптілігі және өзге де құқық бұзушылықтар жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді.