Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Шымкент қаласында полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Шымкентте полицейлер №25, №65 және №148 мектептерінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында полицейлер 300-ден астам жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды мәселелерін талқылады және құқықтық салдарын түсіндірді.
Өз кезегінде полицейлер қорқыту, есірткі қылмыстары және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ полицейлер бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу және интернеттегі алаяқтардан сақ болу туралы кеңес берді.
Полицейлер атап өткендей, қауіпсіздік сабақтары жастардың құқықтық сауатын арттыруда, қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда және полиция жұмысына деген сенімді арттыруда маңызды қадам болды.