Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді
Шымкентте полицейлер әлем чемпионының қатысуымен оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласындағы №8 мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 200 оқушы қатысты.
Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шараның ерекше қонағы – бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов болды. Ол оқушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп пен табандылықтың, сондай-ақ өз іс-әрекетіңе жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Полицейлер жасөспірімдерге жеке қауіпсіздік ережелерін мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы айтып, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде түсіндірді.
Кездесу соңында оқушыдар мен мұғалімдер ұйымдастырушыларға пайдалы әрі маңызды сабақ өткізгені үшін алғыс білдірді.