Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді

Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін полиция департаментінің қызметкерлері Улугбек атындағы №3 жалпы орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Сабақ барысында оқушыларға жолда, қоғамдық орындарда және интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылық, өзгелерге құрметпен қарау, буллингке жол бермеу туралы айтылды. Әсіресе киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тәртіп сақшылары оқушылармен жүйелі түрде профилактикалық кездесулер өткізудің маңызын атап өтті.

– Біздің басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қорғап, олардың өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрету, – дейді полицейлер.

Мектеп мұғалімдері балаларға мазмұнды әрі өзекті ақпарат бергені үшін құқық қорғаушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралар оқушыларда жауапкершілік пен саналы мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру