Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді
Шымкентте полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері №5 Молда Мұса атындағы мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараға Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Сейтхан Сымбат Ержанқызы, Түркістан Аймақтық қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестіруші Мейрхан Абдуталипов, №15 спорт мектебінің грек-рим күресінің әлемдік чемпионы Жолдыбай Тоқбаев қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауатын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру.
Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді.
