Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер оқушылармен ерекше кездесу өткізді

Шымкентте полицейлер оқушылармен ерекше кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау күніне орай №132 мектепте ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Қоғамда “Заң және Тәртіп” қағидатын нығайту мақсатында өткізіліп жатқан “Қауіпсіз аула” мен “Қауіпсіз бағыт” акциялары аясында ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер оқушылармен кездесу өткізіп, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Кездесу барысында балалар заң мен тәртіп туралы білімдерін көрсетіп, полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде әңгіме жүргізді.

Іс-шараның ең қызықты бөлігі – практикалық сабақ болды. Мектеп ауласында оқушылар мектептен үйге дейінгі қауіпсіз бағытты салып, патрульдік полицейдің рөлінде болып көрді.

Мұндай кездесулер балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың полицияға деген сенімін де нығайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру