Шымкентте полицейлер оқушылармен кездесті
Шымкентте полицейлер оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№4 Х.Досмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте тәртіп сақшылары оқушылармен кездесу өткізіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға арналған кешенді сабақ ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – балалардың қауіп-қатерлерді дұрыс бағалай білуін және тосын жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйрету. Полиция инспекторлары оқушыларға жол ережелерін, интернет кеңістігіндегі қауіптердің түрлерін, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қауіпсіздік туралы түсіндірді.
Сабақ барысында мамандар мысалдар келтіріп, түрлі жағдайларды талқылау арқылы оқушыларды ойлануға, жауапкершілікпен әрекет етуге бағыттады. Балалар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, нақты жағдайларға қатысты кеңестер алды.
Мұғалімдер полиция қызметкерлеріне оқушыларға пайдалы әрі тәжірибеге негізделген ақпарат бергені үшін алғыс білдіріп, аталған іс-шара балалардың қауіпсіздік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, олардың саналы мінез-құлық қалыптастыруына үлес қосатыны атап өтті.
