Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер ұрланған көлікті иесіне қайтарды

Шымкентте полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті жедел анықтап, заңды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта белгісіз ер адам өзгенің автотұрақта тұрған көлігін ұрлап, қозғалыс ережелерін өрескел бұзып, жолда дрифт жасаған.

Кешірек көлігінің жоғалғанын байқаған иесі полицияға хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қозғалыс бағытын зерттеп, күдіктіні анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Ұрланған автокөлік күдіктінің үй ауласында табылды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру