Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жас сақшыларға шеберлік сағатын өткізді

Шымкентте полицейлер жас сақшыларға шеберлік сағатын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қаласының полиция департаментінде "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларына арналған танымдық шара өтті. Іс-шара "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайту, сондай-ақ жастардың қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Болашақ тәртіп сақшыларына полицияның түрлі бөлімшелері қамтылған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Шараның ең қызықты сәттерінің бірі - Макаров тапаншасы мен Калашников автоматының бөлшектелуі мен жинақталуы бойынша өткен шеберлік сағаты болды.

Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері төтенше жағдайда әрекет ету және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Кинологтар көрсеткен қызметтік иттердің көмегімен есірткі табу және қылмыскерді ұстау сәттері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ оқушыларға полицияда қолданылатын арнайы техника мен құралдар көрсетіліп, ішкі істер органдарындағы қызмет туралы кеңінен түсіндірілді.

Жас сақшы болу – қоғамға қызмет етудің алғашқы қадамы. Бұл бастама арқылы оқушылар тәртіпке және жауапкершілікке үйреніп, құқық қорғау саласының маңызын түсінеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру