Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жоғалған бауырларды тауып, отбасына қайтарды

Шымкентте полицейлер жоғалған бауырларды тауып, отбасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 және 5 жастағы ұл балалардың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға кешкі сағат 18:00 шамасында түсті. Анасының айтуынша, балалар аулада ойнап жүрген.

Қаратау АПБ қызметкерлері бірден іздестіру іс-шараларына кірісті. Ағайындылардың жүрген жерін анықтау үшін полицейлер көршілерден сұрастырып, мекенжайға жақын маңдарды аралап шықты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде балалар бір сағат ішінде көрші ауладан табылды.

Бүлдіршіндер анасына аман-есен қайтарылды. Азаматша өз кезегінде офицерлерге жедел жұмысы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Полиция балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеті екенін еске салады және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру