Шымкентте полицейлер жол бойында есінен танып қалған тұрғынға көмектесті
Шымкентте полицейлер жол бойында есінен танып қалған тұрғынға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қараша таңғы сағат 08.00 шамасында Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатқан қала тұрғыны өзін нашар сезініп, есінен танып құлап қалған.
Аталған жайт Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түскен. Бұл сәтті орталықтың қызметкерлері сол мезет көріп, шұғыл кезекші бөлім арқылы тиісті әкімшілік аумақта патрульде тұрған тәртіп сақшыларына нұсқама берілді.
Патрульдік полиция полкінің 10-рота инспекторлары Б.Тажибаев пен М.Есенбеков хабарламаны алып, дереу азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан соң тәртіп сақшылары «103» телефонына хабарласып, жедел жәрдем қызметін шақырды.