Шымкентте полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады
Шымкентте полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында түнгі патруль кезінде полиция автоэкипажы жол қозғалысы қағидаларын бұзған көлікті байқап, тоқтатпақ болды. Алайда ВАЗ-21103 автокөлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, жасырынуға тырысты. Ол қауіпті маневрлер жасап, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне қатер төндірді.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне жеті рет өтіп, қарама-қарсы жолаққа шығып, бірнеше рет жол-көлік оқиғасына себеп бола жаздады.
Видео • YouTube
Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде құқық бұзушы ұсталды. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады.
Азаматқа 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Полиция заң бұзушылықтарға қатысты “нөлдік төзімділік” қағидаты сақталатынын еске салып, әр азаматты заң мен тәртіпті құрметтеуге шақырады.