Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі
Полиция қызметкерлері 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Халықаралық "Канал" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.
Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.