Шымкентте полиция басшылығы ЖБО қызметкерлерін құттықтады
Шымкентте полиция басшылығы ЖБО қызметкерлерін құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету жолында күн-түн демей қызметін жалғастырып жүрген полицейлерге ерекше алғыс айтылды. Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов жедел басқару орталығына барып, жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, адал қызметтері үшін алғысын білдірді.
Жедел басқару орталығы – тәулік бойы қаладағы жедел жағдайды бақылап отыратын полицияның негізгі бөлімшесі. Мұнда “102” арнасы, бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерінен келіп түсетін сигналдар қабылданып, патрульдік нарядтардың әрекеттері үйлестіріледі және оқиғаларға жедел әрекет ету қамтамасыз етіледі. Бұл орталық қызметкерлерінен жоғары жауапкершілік пен үздіксіз зейін талап етіледі.
Ұлықбек Мылтықов кезекші құрамға қызметке адалдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ЖБО қызметкерлеріне полиция департаменті басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды.