Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте  полиция белсенді тұрғындарды марапаттады

Шымкентте  полиция белсенді тұрғындарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күніне орай ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасымен қалалық полиция департаментінде белсенді азаматтар марапатталды.

Мегаполис полицейлері қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында құқық қорғау органдарына үнемі қолдау көрсетіп жүретін ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне, домкомдарға және басқа да азаматтарға алғысын білдірді.

Департамент бастығы Нұрлан Алмасбеков қауіпсіздік саласындағы жағдайды жақсартуға қосқан баға жетпес үлесі үшін белсенді шымкенттіктерге ризашылығын жеткізді. Ведомство басшысы тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі мен тәртіпке ұмтылуының арқасында аталған бағыттағы жұмыстың тиімділігі артуда екенін атап өтті. Оларға ІІМ-нің Алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етілді.

Кездесу соңында Нұрлан Алмасбеков құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті және нәтижелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіре отырып, барлығын құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік төзімділікке» шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру