Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда

Шымкентте полиция дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Экологиялық бағыттағы "Таза қала" акциясы аясында полицейлер күнделікті абаттандыру қағидаларын бұзу жайттарын анықтап, олардың жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Іс-шаралар барысында дронның көмегімен қалдықтарды заңсыз тастау жайты анықталды. Жүк көліктері рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастаған. Құқық бұзушылар жедел анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, дрондарды қолдану қолжетімсіз жерлерде экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Полиция қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, тек бірлескен күшпен тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру