Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция еріктілерді марапаттады

Шымкентте полиция еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еріктілер құқық қорғаушыларға жоғалған адамдарды табуға бағытталған іздестіру жұмыстарында белсенді түрде көмектеседі.
Бұл шараларға еріктілердің қосқан зор үлесін қалалық полиция департаментінің басшылығы жоғары бағалады. Осы орайда бүгін полиция ведомостында «Lider» еріктілер қозғалысының Шымкент қаласы бойынша үйлестірушілері Людмила Герасимова мен Нина Аронованы марапаттау рәсімі өтті.

ПД бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев оларға алғыс хаттар табыстап, жоғалған тұлғаларды жедел анықтаудағы маңызды үлесі мен салған күштері үшін алғыс сөздерін жеткізді.

Өткен жылы және осы жылдың басынан бері аталған еріктілер қозғалысының көмегімен 100-ден астам хабар-ошарсыз кеткен адам табылып, үйлеріне қайтарылды.

Полиция мен еріктілер ұйымдары арасындағы мұндай серіктестік қиындыққа тап болғандарға жедел көмекке келіп, іздеу жұмыстарының тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру