Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция ет сататын орындарды тексерді

Шымкентте полиция ет сататын орындарды тексерді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және департамент бастығының нұсқауына сәйкес, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, Шымкент қаласы ПД құрылымдарымен арнайы топтар құрылды. Олар мал ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу, тасымалданатын малдың кімге тиесілі екенін анықтау, мал және ет өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерге және ет өнімдерін сату, сонымен қатар мал соятын жерлерде тексерістер ұйымдастыруда.

Іс шара барысында 18 шаруа қожалықтар және 64 ет сататын орындар, 12 мал тасымалдаушы автокөліктер және мал сою орындарына тексерулер жүргізілді.

Полиция барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, қарқынды жұмыс жасауға көшті. Сондай-ақ ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған тиісті сертификаттардың бар-жоқтығын анықтап, тексеріп жатыр. Нәтижесінде, жалпы жыл басынан бері 147 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру