Шымкентте полиция ойын-сауық орындарына рейд жүргізді
Көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында есірткіге қарсы шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында есірткіні, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу және тұтыну деректерін анықтау мақсатында үздіксіз арнайы профилактикалық және рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Тексеру барысында полицейлер қызметкерлермен және келушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, сондай-ақ ғимараттар мен іргелес аумақтарды бақылап шығуда. Жұма және демалыс күндері полиция кешенді күштерінің мүмкіндігімен әрбір шулы орындардың, түнгі клубтардың алдында полиция қызметкерлері алдын ала құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде.
Бүгінде полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде және қауіпті аймақтың сәйкес келетін өзге де объектілерде есірткінің, психотроптық заттар мен сол тектестердің таралуына қарсы жүйелі іс-шараларды қабылдауда. Мекеме иелерімен осыған ұқсас қылмыстарды болдырмау мақсатында өзара келіссөздер жүргізілуде. Мұндай іс-шаралар есірткі қылмысының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.