Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция қызметкерлері қан тапсырды

Дүниежүзілік донор күніне орай Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қан тапсыру бойынша ерікті акцияға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған бастама донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету мен өмірді сақтауға бағытталған.

Іс-шара жанашырлыққа, жауапкершілікке және көмектесуге деген шын ниетке толы болды. Қатысушылар арасында бұрыннан тұрақты түрде қан тапсырып жүргендер де, әріптестерінің үлгісіне қарап алғаш рет қадам жасағандар да бар.

- Қоғамға қызмет ету тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейді. Бұл іске мейірімділік пен адамгершілікті білдіретін осындай игі әрекеттер де жатады. Донор болу – үміт, денсаулық және өмір сыйлау мүмкіндігі, – деп атап өтті полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру